Рамазанда кім пітір садақасын (фитр) төлеуге міндетті?
Сұрақ: Рамазанда кім пітір садақасын (фитр) төлеуге міндетті?
Жауап: Рамазанда фитр төлеуге күші жететіндер төлейді. Яғни, кімде-кім ораза ұстаған болса, пітір садақасын (фитр) төлейді.
Сондықтан балалар, қарт, сондай-ақ қатты сырқатты ауру адамдар үшін фитр төлеудің қажеті жоқ! Жүкті және емізулі әйелдер пітір садақасын (фитр) төлейді, өйткені олар Рамазаннан кейін ораза ұстай алмаған күндерін толықтыруға міндетті. Бұған дәлел:
«Балаларын толыққанды емізгісі келетін аналар толық екі жыл емізеді. Ананың азығы мен киімі шама-шарқынша баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін нәрсе ғана жүктеледі. Ана да, әке де баланың себебінен зиян шекпесін…» (2/233).
Бақара сүресінің 184-ші және 185-ші аяттарына сүйене отырып, жүкті және емізулі әйелдерге қоса науқас пен жолаушының да оразаны тамамдағандары абзалырақ.
Теги: Рамазанда кім пітір садақасын, (фитр) төлеуге міндетті.
Ваш комментарий