Фидьяны (Пітір садақасын) кім беруі тиіс?
Сұрақ: Фидьяны (Пітір садақасын) кім беруі тиіс?
Жауап: Аятта аталып кеткен фидья, фитр немесе пітір садақа деп аталады. Кімде-кім Рамазан айына жеткен болса, ораза ұстауға қабілетті әрбір адам бұл пітір садақасын беруі қажет. Өткізіп алған оразасын толықтыратын науқастар мен жолаушылар да пітір садақасын беруі тиіс.
«Сендерден кім науқас немесе жолаушы болса, басқа күндерде өткізіп алған оразасын өтесін. Сондай ақ, ораза ұстауға күші келетіндер бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың жақсы.» (Бақара 2/184).
Теги: фидьяны (пітір садақасын) кім беруі тиіс, Рамазан, ораза.
Ваш комментарий