Құранда жерді сүрту (тәяммүм) туралы айтылған ба?
Сұрақ: Құранда жерді сүрту (тәяммүм) туралы айтылған ба?
Жауап: Иә, айтылған. Аллаһ бұл туралы Мәида сүресінің 6-шы аятында және Ниса сүресінің 43- ші аятында былай айтады:
«…Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; онымен беті-қолдарыңды сипаңдар…» (Мәида 5/6).
«…Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындассаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар…» (Ниса 4/43).
Ваш комментарий