ФАТВА

«Итикаф» деген не және неге бұл Рамазанмен байланысты?

«Итикаф» деген не және неге бұл Рамазанмен байланысты?

Сұрақ: «Итикаф» деген не және неге бұл Рамазанмен байланысты?

Жауап: Итикаф сөзінің түбірі «акефе» етістігінен келеді, яғни бұл мешітте жалғыздықта болу деген мағынаны білдіреді. Итихаф тек мешіттерде және тек Рамазан айында орындалады. Бұл, аятта былай делінген: «Мешіттерде (ғибадат етіп) итикафта болған кеште әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Осылайша Алла сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді.» (Бақара 2/187).

Бұл жалғыз қалу Рамазанның соңғы он күнінде болады. Бұл жайлы да аяттарда айтылған: «Ағарған таңға! Айдың алғашқы он кешіне ант етемін!» (Фәжр 89/1-2). 

Итикаф  мешіттерде оңаша болу болғандықтан, арнайы қажеттіліктерден тыс мешіттен шықпағаны дұрыс. Мешітте қалып, күндіз-түні ғибадат ету ғамалы «итикаф» деп аталады. Бұл ғибадат Алламен оңаша сырласу болып табылады. Итихаф – ең алдымен ғибадат болып есептелінеді, бірақ міндетті емес. Егер бұл міндетті болған болса «кутибе алейкум акиф» деп бекітілген болар еді.

Ваш комментарий

Новые материалы

Наши социальные сети